Жібек Құламбаева Румыниядағы турнирдің финалына шығу үшін таласады
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Бистрица (Румыния) ITF W50 турнирінің жартылай финалына шықты.

Қазақстандық теннисші румыниялық Георгета Симионмен бірге ширек финалда жарыстың 3-ракеткалары, румыниялық Андрея Пришакариу – грекиялық Сапфо Сакелларидимен сынға түсті.
Бірінші партияда румыниялық-грекиялық жұп 6:3 есебімен басымдылық танытты.
Екіншісінде Жібек пен Георгета есе қайырды – 6:2. Содан кейін супер тай-брейкте бет қаратпады – 10:4.
Бәсеке 1 сағат 17 минутқа созылды.
Жібек Құламбаева – Георгета Пришакариу финалға шығу үшін доданың 1-ракеткалары, испаниялық Анджела Фита Болуда – швейцариялық Илена Ин-Альбонмен таласады.
Сәрсенбі күні осы матчтың алдында дүниежүзілік рейтингіде 318-орында тұрған қазақстандық теннисші жекелей сында алғашқы айналымда әлемнің 248-ракеткасы, португалиялық Матильде Жоргемен кездесті.
Жібек матчты тамаша бастады – 6:0. Алайда сол қарқынын жалғастыра алмады – 5:7, 2:6. Бұл тартысты ойын 2 сағат 7 минутқа созылды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын допинг қолданған қазақстандық теннисшінің 4 жылға жарыстан шеттетілгенін жазған едік.
Анна Данилина АҚШ-тағы жарыстың ширек финалына шықты.