Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің ширек финалына шықты

МУМБАЙ. KAZINFORM — Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Мумбай (Үндістан) челленджер турнирінің ширек финалына шықты.

жібек құламбаева
Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші оңтүстіккореялық Со Хен Пакпен бірге бастапқы кездесуін жарыстың 1-ракеткалары, италиялықтар Ангелика Морателли — Камилла Розателломен өткізді. 

Қазақстандық-оңтүстіккореялық жұп бірінші партияда тай-брейкте басымдылық танытты — 7:6 (7:4).

Екінші сет жеңілдеу тиді — 6:2.

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Құламбаева — Пак 11 брейк-пойнттың бесеуін құр жіберген жоқ.

Италиялық дуэтке 1 эйс, 3 брейк (7 брейк-пойнт) жеткіліксіз болды. 

Ж.Құламбаева жекелей сында іріктеу сайыстарында осы К.Розателлоға есе жіберген еді — 6:4, 4:6, 3:6.

Жібек Құламбаева — Со Хен Пактың ширек финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Әбу-Дабиде «Үлкен дулыға» турнирінің төрт мәрте чемпионымен кездесуі мүмкін екенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Бублик әлемдік рейтингіде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.  

Соңғы жаңалықтар