Александр Бублик әлемдік рейтингіде рекордтық көрсеткішіне қол жеткізді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингісінде рекордтық көрсеткішіне қол жеткізді.

 Александр Бублик
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Кеше Монпелье турнирінде чемпион атанған қазақстандық теннисші әлемдік рейтингіде 27-ден 23-орынға көтерілді.

А.Бубликтің бұған дейінгі үздік көрсеткіші 25-саты еді.

Тағы бір қазақстандық Александр Шевченко 59-дан 56-ға жоғарыласа, Денис Евсеев 176-дан 177-ге, Бейбіт Жұқаев 189-дан 191-ге, Дмитрий Попко 338-ден 339-ға сырғыды. Михаил Кукушкин 255-тен 247-ге, Тимофей Скатов 278-ден 275-ке ауысты.

Жұптық сында Александр Недовесов 48-орнында қалса, Андрей Голубев 64-тен 63-ке, А.Бублик 222-ден 201-ге көтеріліп тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің екінші рет Монпелье турнирінің жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина Әбу-Дабиде «Үлкен дулыға» турнирінің төрт мәрте чемпионымен кездесуі мүмкін.

 

Соңғы жаңалықтар