«Жібек жолы» турнирі: Қазақстан ерлер құрамасы тоғыз медаль алды
АСТАНА. KAZINFORM - Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан «Жібек жолы» халықаралық турнирінде ерлер құрамасынан қазақстандық екі боксшы чемпион атанды.

Халықаралық турнирде ерлер құрамасы қоржынына 2 алтын, 1 күміс, 6 қола медаль түсті.
Ел құрамасынан Бағлан Кенжебек (54 келі) финалда ресейлік Максим Кузнецовпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында ол қарсыласын 4:1 есебімен қапы қалдырып, турнирдің жеңімпазы атанды.
Ал Нұрбек Мурсал (71 келі) финалда ресейлік Игорь Свиридчинковтан 5:0 есебімен басым түсті. Осылайша жеңіс тұғырына көтерілді.
Қазақстандық тағы бір боксшы Санжарәлі Бегалиев (75 келі) финалда өзбекстандық Сейджамшит Жафаровқа 0:5 есебімен есе жіберіп, турнирдің күміс жүлдесін алды.
Турнирдің қолда жүлдесіне ие болған қазақстандық боксшылар қатарында Нұрғиса Тұрабеков (48 келі), Жандәулет Сәрсенбаев (54 келі), Ерхан Тұрдан (57 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Асылхан Көшербай (67 келі), Дәурен Мамыр (86 келі) бар.
Халықаралық турнирде еліміздің әйелдер құрамасы да 2 алтын, 1 күміс, 6 қола медаль алды. Ел құрамасынан Элина Базарова (54 келі), Виктория Байдукова (57 келі) жеңіс тұғырына көтерілді.
Ал Анжа Сәдуақасова (52 келі) күміс жүлдені қанағат тұтса, Гүлназ Бөрібаева (48 келі), Элянур Турганова (50 келі), Томирис Мырзақұл (52 келі), Сымбат Әлиасқар (54 келі), Азиза Исина (70 келі) және Дина Исламбекова (81 келіден жоғары) қола жүлдегер атанды.