Жедел индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында Қазақстан үшін маңыздың жобаларға келісімдер жасалды - ҚТЖ басшысы А.Мамин

АЛМАТЫ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы жедел индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында Қазақстан үшін маңызды жобаларға қол қойылды, деді ҚТЖ басытығы Асқар Мамин.
None
None

IV қазақстандық инвестициялық саммиттің алғашқы жұмыс күнінде қазақстандық фирмалар шетелдік әріптестерімен тоғыз ірі жобаға қол қойды, соның ішінде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының бірнеше жобалары бар. Бұлар жолаушылар вагондарының техникалық қызметі мен оларды шығаратын бірлескен кәсіпорын құру туралы меморандум, ҚР-да заманауи магистральді электровоздарды бірлесе шығару туралы меморандум, сондай-ақ «Қорғас-Жетіген теміржол желісін салу» жобасын жүзеге асыру аясындағы құрылыс-монтаж жұмыстарын мемлекеттік сатып алу туралы шарт.

«100 млн. доллар тұратын жолаушылардың жүрдек қозғалысы туралы жоба бойынша біз испандық "Тальго" компаниясымен бірлесе отырып, Астанада вагон шығаратын жаңа зауыт саламыз. Сіздер білесіздер, бұл компания біздің елде бұрыннан жұмыс істейді және Қазақстанның берген бағасы бойынша ол компания өзін жақсы қырларымен көрсеткен», - деді А.Мамин.

Осыған байланысты, дәл осы испандық әріптес таңдалып отыр. Өнімнің қуатытылығы - жылына 100 вагон деп жоспарланған. «Құрылысты алдағы айларда бастау көзделген. Бір жылдан соң Қазақстанда жолаушылар вагонын шығаруды іске қоспақпыз», - деп атап өтті компания басшысы.

Көлік машина құрылысы үшін екінші маңызды жоба - электровоздар шығару. Жобаның құны - 120 млн. доллардан астам. «Қазақстан электрлендіруді дамытып отыр және бізге электровоздардың жаңа түрі қажет. Әріптестер ретінде француздық Alston компаниясы мен ресейлік "Трансмашхолдинг" компаниясы таңдалып отыр. Жылына 50-ге дейін электровоз шығару жоспарланды. Өнім тағы да ТМД елдері нарығына экспортталатын болады», -деді А.Мамин.

Соңғы жаңалықтар