Жеке тұлғаларға арналған автолизинг: Сауда министрлігі жаңа жобаны талқылауға шығарды

АСТАНА.KAZINFORM - Сауда және интеграция министрлігі ішкі сауда қағидаларына өзгерістер енгізу туралы жобаға қоғамдық талқылау жариялады.

комбайн трактор
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Аталған құжатта өзгерістердің мақсаты - экономикалық реформаларды қолдау және азаматтардың қаржы құралдарына қолжетімділігін жеңілдету екені көрсетілген. Оның ішінде жеке тұлғаларға автокөліктерді лизингке алу мүмкіндігі қарастырылған.

Министрліктің мәлімдеуінше, жобаны қабылдау ел экономикасына, құқықтық сала мен ұлттық қауіпсіздікке теріс әсерін тигізбейді.

Қазақстанда жеке тұлғаларға көлікті лизинг арқылы беру тетігі енгізіліп жатыр. Бұл бұған дейін қолданыста болған автонесиеден тиімді ме? Қандай тәуекелдері мен қаржылық ауыртпалығы бар? Осы жайлы Kazinform тілшісінің толық материалынан оқи аласыз.

 

Соңғы жаңалықтар