Жекеменшік үйде газ жарылып, ер адам ауруханаға түсті - Қарағанды

АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қарағандыда жекеменшік үйде ауаға жайылған газ салдарынан жарылыс орын алды.
None
None

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады. Аталған оқиғаның салдарынан күйік шалған егде жастағы ер адам ауруханаға жатқызылды. Бөлмелер арасындағы 10 шаршы метр аралық қабырға қирады. Оқиға орнына ҚР ТЖМ Қарағанды облысының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 3 техникасы мен жеке құрамының 10 адамы шықты.

Соңғы жаңалықтар