Жел, көктайғақ: 17 қарашаға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. KAZINFORM – Еліміздің бірқатар өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Абай облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.
Ақмола облысында түнде және таңертең көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні – 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстік, батыс және орталық аймақтарына тұман түседі. Ал, Ақтөбе қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Атырау облысында түнде және таңертең батыста, солтүстікте, оңтүстікте, шығыста тұман түсуі ықтимал. Атырауда да түнде және таңертең тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман болады деп болжанып отыр. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с.
Жетісу облысында және Алакөл маңында соғатын желдің күші – 15-20 м/с, екпіні – 23-28 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Қостанай облысының солтүстігінде және шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Батыс, солтүстік және шығыс аймақтарында түнде және таңертең тұман болуы ықтиамал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні – 15-20 м/с. Қостанайда көктайғақ және тұман күтіледі.
Қызылорда облысында, әсіресе орталығында тұманды ауа райы болжанып отыр.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде таңертең және күндіз көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде көктайғақ және тұман күтіледі. Петропавлда түнде көктайғақ болады.
Түркістан облысында және таулы аймақтарда тұман түседі.
Ұлытау облысында түнде және таңертең тұман болуы ықтимал.
Айта кетейік, Қазгидромет 15 қарашада ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялаған еді.