Железиндік және новосібірлік оқушылар «Жас ұлан» әскери-патриоттық лагерінде бас қосты - Павлодар облысы
ВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 29 шілде. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысындағы Прииртышье селолық мектебінің базасындағы «Жас ұлан» әскери-патриоттық лагері Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік жалауларын көтеру рәсімімен ашылды және екі елдің әнұраны шырқалды,
деп хабарлады Железин ауданының әкімдігінен.
Алаң иелері қонақтарды - Новосібірдің Купин ауданының оқушылары мен көрші Железин мектебіндегі құрбыларын ыстық ықыласпен қарсы алды. Қазақстандық және ресейлік балалардың командалары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арнап әндер конкурсын, сапта жүру байқауын өткізді, спорттық жарыстарда күш сынасты.
«Жас ұлан» екі ел балаларын достастырып, өзара ынтымақтастықты әрі қарай жалғастырудың кепілі болып отыр.