Желтоқсанда қазақстандықтар БЖЗҚ-дан радиохирургиялық ем алуға 5,6 млрд теңге жұмсады

АСТАНА. KAZINFORM — Өткен жылдың желтоқсан айында ел тұрғындары радиохирургиялық ем алу үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 5,6 млрд теңге қаражаттарын алды. Бұл туралы Деректерді өңдеу орталығынан хабарлады. 

онкология
Фото: Азертадж

— 2025 жылдың желтоқсан айында радиохирургиялық емдеу әдістеріне төлем тағайындаумен біржолғы зейнетақы төлемдері бойынша 7 154 өтініш қаралды. Сөз сәулелік терапияның гамма-пышақ және киберпышақ сияқты әдістері (олар арқылы мысалы, ісік аурулары бар науқастарға операция жасалады) жайында болып отыр. Орындалған өтінімдердің жалпы сомасы шамамен 5,6 млрд теңге. Бір айдың көрсеткіші бағдарлама қолға алынған уақыттан бергі барлық нәтижеден айтарлықтай жоғары: 1 желтоқсанға дейін бұл санат бойынша жалпы нәтиже 548 млн теңге сомасына іске асырылған 507 өтінім болды. Сыртқы белсенділік күрт емес, бірақ кезең-кезеңмен арта бастады: 236 өтініш 204 миллион теңгеге орындалды, ал 2025 жылы орташа айлық көрсеткіш бұрын-соңды 10 деңгейіне жетпейтін, — делінген аталған орталықтың Telegram парақшасында жарияланған ақпаратта.

Орталықтың мәліметінше, ел тұрғындары бұған дейін стоматологиялық қызметтер үшін зейнетақы қорынан қаражаттарын көптеп шешіп алды.

Алайда, бұл салада алаяқтық белгілерінің байқалуына орай өткен жылдың қыркүйек айында оған тыйым салынды. Қарашада пластикалық отаға қордан ақша алу күрт артып, бұл қызмет түрі үшін де БЖЗҚ-дан ақша алуға тыйым енгізілді.

Ал қазіргі уақытта ел тұрғындары зейнетақы қорынан жоғарыда аталған радиохирургиядан бөлек орфандық ауруларға, радионуклидтік және радиойодтық, протондық емдеуге ғана қаражаттарын ала алады.

Бұған дейін 2025 жылы ел тұрғындары баспаналарын жақсарту үшін зейнетақы қорынан қанша қаражат алғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар