Жемқорлықпен күресу - әр азаматтың парызы

Шараға ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң ОҚО бойынша департаментiнiң мамандары, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау департаментi қызметкерлерi мен БАҚ өкiлдерi қатысты. - Кейде мемлекеттiк қызметкерлер өз саласы бойынша қабылданған заң құжаттарын толық бiле алмай жатады. Бұл ретте қызметкерлерге әр ай сайын түрлi дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткiзу арқылы өз саламызға қатысты ережелер мен қажеттi ақпараттарды түсiндiру жұмыстарын жүргiзiп келемiз. Мемлекеттiк қызметкер әрқашан халықтың игiлiгi үшiн қызмет етуi керек. Ол өз iсiне адал болуы қажет, - дедi табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау департаментiнiң басшысы Бақтияр Аталықов. Дөңгелек үстел мәжiлiсi барысында ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң ОҚО бойынша департаментiнiң бөлiм басшысы Ж.Әлiбеков «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау» туралы баяндама жасады. Сала мамандары мемлекеттiк қызметте жиi кездесетiн Қазақстан Республикасының Заңдары талаптарының бұзылу фактiлерi және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен iс-қимыл бағытындағы негiзгi мәселелер туралы ой бөлiстi. Жиынға қатысушылар «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау» туралы Қазақстан Республикасының Заңы талаптарының жиi бұзылуының себептерiне талдау жүргiзiп, олардың алдын алу және болдырмау мақсатында ортақ пiкiрге келдi. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бағытында аталмыш департаментпен бiрлесiп атқарылуға тиiстi iс-шараларға қосымша толықтырулар жасауға шешiм қабылданды.