Жемшөп, жеміс-жидек және көкөніс өсірушілерге 6% лизинг беріледі

«Биыл маусымда біз «Өз жемшөбіміз» (жем өндірушілер үшін) және «Жасыл өнім» (жеміс-жидек, көкөніс өндірушілер үшін) жеңілдетілген бағдарламасын бастадық. Ол бойынша фермерлерге бұрынғы бағдарламалармен салыстырғанда үлкен жеңілдік жасалып отыр. Яғни жылдық 6% және 15% аванс. Лизинг мерзімі - 10 жылға дейін. Аталған шара фермерлерге түсетін қаржылық жүктемені айтарлықтай жеңілдетеді. Сәйкесінше шаруашылықтардың қарқынды дамуына мүмкіндік береді», – деді Айдар Прашев Ақмола облысында өтіп жатқан «Jańa Dala» мамандандырылған көрмесі барысында.
Оның айтуынша, компанияның басқа да бағдарламалары бар.
«Оның ішінде «Экспресс-лизинг» (ең аз құжатпен өтінім 5 жұмыс күні ішінде қаралады), «Мастер лизинг» (бір жыл ішінде берілген өтінім негізінде техниканы лизингке құжаттар пакетін қайта ұсынбай алу мүмкіндігі). Сондай-ақ, «Сенімді фермер» адалдық бағдарламасы қарастырылған», - дейді ол.
Айта кетейік, бүгін-ертең Ақмола облысында дәстүрлі «Jańa Dala/Green Day» дала күні мамандандырылған көрмесі өтіп жатыр.