Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Жэньминь хуабао» басшысы: «ҚазАқпарат» - қытай халқының Қазақстан туралы ақпарат алатын басты арнасы

АСТАНА-БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай еліндегі «Жэньминь хуабао» баспасының басшысы Юй Тао мырза «ҚазАқпарат» ХАА басшысы Дәурен Дияров пен агенттік ұжымын 95 жылдық мерейтойымен құттықтады.

«Жэньминь хуабао» басшысы: «ҚазАқпарат» - қытай халқының Қазақстан туралы ақпарат алатын басты арнасы

Құрметті Дияров мырза!

«ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің 95 жылдық мерейтойын атап өту күнінде біз Сізге және барлық қызметкерлеріңізге ең ізгі құттықтау тілектерін білдіріп отырмыз.

«ҚазАқпарат» Қазақстан Республикасының жалғыз халықаралық ақпараттық агенттігі және Орталық Азия аймағындағы ең ірі ақпарат агенттігі болып табылады. Ол әлемнің көптеген елдері мен аймақтарында ең көп тілшілік қосындарға ие болып, маңызды ақпарат пен репортаждарды түрлі тілдерде таратады.

«ҚазАқпарат» агенттігі ортаазиялық БАҚ арасында бірінші болып қытай тілінде нұсқасын ашқан сайт. Сіздің сайтыңыз қытай халқының Қазақстан туралы ақпарат алатын басты арнасы болды, ол сондай-ақ екі елдің арасындағы өзара түсіністік пен өзара алмасуды тереңдетуде белсенді рөл атқарып отыр.

Қытайдың «Жэньминь хуабао» мемлекеттік журналының 65 жылдық тарихы бар. Біз «ҚазАқпаратпен» достық және белсенді ынтымақтастықтың берік негізін қаладық.

Агенттіктің құрылуының 95 жылдық мерейтойын атап өту жылында Сізге және ұжымыңызға бұдан да зор табыстарға қол жеткізулеріңізге шын жүректен тілектеспіз!

Сіздермен бірге Жібек жолының экономикалық белдеуін салуға қатар жүріп көмектесіп, ҚХР мен ҚР арасындағы достық пен ынтымақтастыққа қолдан келгенше үлес қосамыз деп үміттенеміз.

«Жэньминь хуабао» баспасының директоры.