Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге дайын­дық мәселесі талқыланды

ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Облыстық әкімдікте 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге дайын­дық және оны өткізу жөніндегі облыстық комиссияның мә­жілісі болып өтті,

Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге дайын­дық мәселесі талқыланды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оны облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Мұрат Мұхамедов жүргізіп отырды.

Облыстық жұмыспен қам­туды үйлестіру және әлеу­меттік бағдарламалар басқарма­сы­ның бастығы Ирина Ким соғыс ардагерлеріне республикалық бюджеттен бөлініп отырған қаржы жайлы мәлімет беріп өтті. Соғысқа қатысқан об­лыстағы 325 ар­дагерге 65 мың теңгеден көмек беріледі. Оларға теңес­тірілгендер мен майдангерлер жесірлеріне 25 мың, тыл еңбеккерлеріне 10 мың тең­геден бөлінген. Со­нымен қатар ардагерлердің қоғам­дық көлікте тегін жүруіне 16,1 млн. теңге қарастырылған.