Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты: Қазақстан намысын бес спортшы қорғады

АСТАНА. KAZINFORM – Токио қаласында (Жапония) жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.

Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты аяқталды: қазақстандықтардың нәтижелері
Фото: ҚР ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, бұл дүбірлі додада Қазақстан намысын бес спортшы қорғады. Өкінішке қарай, олар жүлдеге қол жеткізе алмады.

Төменде ұлттық құрама өкілдерінің нәтижелері көрсетілген:

3000 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру

Нора Джеруто - 6-орын Дейзи Джепкемей - 27-орын

10 000 метрге жүгіру

Дейзи Джепкемей - 16-орын

35 шақырым спорттық жүріс

Полина Репина - 35-орын Галина Якушева - жарысты аяқтамады

20 шақырым спорттық жүріс

Ясмина Тоқсанбаева - 23-орын

Айта кетейік, Нора Джеруто жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында үздік ондыққа енді.

Жеңіл атлетика федерациясының бас хатшысы Келбет Нұрғазина Токиода өткен әлем чемпионатын қорытындылады.

Соңғы жаңалықтар