Жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында ел қоржынына екі жүлде түсті

АСТАНА. KAZINFORM – Даммам қаласында (Сауд Арабиясы) жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр. 

Жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында ел қоржынына жүлде түсті
Фото: ҰОК

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, бұл турнирде Қазақстан құрамасы екі жүлдеге ие болды.

Жетісайыста 5 089 ұпай жинаған Полина Кузубова жеңіс тұғырынан көрінсе, Асылзат Қыдырбай 4 355 ұпаймен қола жүлдеге қол жеткізді. 

Күміс медальді Өзбекстан спортшысы Софья Николаева жеңіп алды. Оның көрсеткіші – 4 904 ұпай.

Еске сала кетейік, бұған дейін ХХV Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының факелі таныстырылғанын хабарлаған едік. 

Сондай-ақ Хорватияның Осиек қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық спортшы Милад Карими чемпион болды. 

Соңғы жаңалықтар