Жер қойнауын пайдаланушы компаниялар ай сайын 200 млрд. теңгеге отандық тауарларды сатып алады

Оның айтуынша, бұл келiсiмшарттар ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi мен «NaDLoC» жергілікті үлесті дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ жасаған «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің және олардың өндірушілерінің тізімі» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асуда.
"ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi мен «NaDLoC» жергілікті үлесті дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ жер қойнауын пайдаланушылардың тізімін жасады. Соның негiзiнде Қазақстандағы барлық жер қойнауын пайдаланушылар жергiлiктi тауарларды пайдаланулары шарт. Бұл жүйе арқылы ай сайын сатып алуларға 200 млрд. теңге көлемінде келiсiм шарттары жасалады. Онда шамамен 200-ге тарта iрi компания өздерiнiң сұраныстарын жазады, бiздiң тауар өндiрушiлер Астанаға немесе Алматыға келмей-ақ, интернет арқылы құжаттарын орналастырып, тендерлерге қатыса алады", - дейдi Қ.Бектүргенев.
Компания басшысы атап көрсеткенiндей, қазақстандық үлестi дамыту жұмыстары бұнымен шектелмейдi. Бүгiнде отандық тауар өндiрушiлердi қолдау тетiктерi жасалған. Халықаралық сертификаттарды енгiзуге кеткен шығындардың 50 пайызы төленетiн болды. Сонымен қатар ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi мен «NaDLoC» жергілікті үлесті дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ iрi жобаларда қазақстандық үлес деңгейiн анықтау мақсатында сараптама жүргiзiп отырады. Осы талдау негiзiнде Қазақстанда қолға алынып жатқан әрбiр жобаға жергiлiктi тауар өндiрушiлердiң өнiмi мен технологиясын қолдану жөнiнде нұсқаулықтар берiледi.
Айта кетейiк, бүгiн Астанада қазақстандық үлес көлемiн арттыруға бағытталған "Made in Kazakhstan" атты сұхбат алаңы ашылды. Оның жұмысына 100-ден астам өндiрушi, 40-қа жуық iрi жер қойнауын пайдаланушылар, 20-ға тарта ұлттық компания, сонымен қатар мемлекеттiк орган, даму институттары мен салалық қауымдастық өкiлдерi қатысуда.