Жер сатып алу үшін аукцион қалай жүргізіледі?
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жер учаскелері Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері жекеменшік құқығымен аукцион арқылы беріледі.
Ресми дереккөздің хабарлауынша, бірінші кезекте жер учаскенің кадастрлық (бағалау) құнын арттыруды көздейтін аукцион арқылы сатылады.
Егер екі аукционның қорытындысы бойынша учаске сатылмаса, оның бағасын кадастрлық құнының белгіленген ең төменгі шегіне (кадастрлық құнының 50 %) дейін төмендетуді көздейтін аукционға қойылатын болады.
Айта кетейік, ҚР заңнамасына сәйкес, жерді тек Қазақстан азаматтары ғана сатып ала алады. Шетелдіктердің жерді сатып алуға құқығы жоқ.