Жер шетелдіктерге сатылмайды - Қасым-Жомарт Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Мемлекет басшысы ретіндегі берік ұстанымын білдірді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

Жер шетелдіктерге сатылмайды - Қасым-Жомарт Тоқаев

««Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл менің Президент ретіндегі берік ұстанымым!» Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысында шаруа қожалықтары басшыларымен болған кездесуде осылай мәлімдеді» делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барып, жастар форумына қатысты. Форм барысында Президент 2020 жылды Волонтерлар қозғалысының жылы деп жариялауды қолдайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ, ол «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын тағайындауды ұсынды.