Жер сілкінісі: Алматы қаласы 9-10 балдық аймаққа бөлінген
АЛМАТЫ.KAZINFORM – Алматы 10 балдық жер сілкінісі болуы ықтимал сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Бұл туралы Kazinform агенттігіне Ұлттық сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Елизавета Есенжігітова айтты.
Маманың айтуынша, Алматы қаласының аумағы сілкініс қарқындылығы бойынша 9-10 баллға жатады.
«Алматы қаласы үшін әзірленген шағын аудандастыру картасын нәтижесі бойынша, қаланың оңтүстік бөлігі 10 баллдық, ал солтүстік бөлігі 9 баллдық сілкініс тудыартын аумақтарға жатады. Бұрындары болып өткен күшті жер сілкіністернің ошақтарының басым көпшілгі таулы аймақтарда орналасқандықтан қаланың оңтүстік бөлігі сеймикалық қарқындылығы жоғары болып есептелінеді», - деді ол.
Қаланың солтүстігі 9 баллдық болып көрсетелген аумағында, жер қыртысын құрайтын топырақ ерекшеліктеріне құрамы қасиеті және ылғалдануыне қарай ішінара шағын 10 балддық зоналарда бар.
Сейсмологтың сөзінше, сейсмикалық жағдайға баға беру үшін Сейсмология институты әртүрлі мерзім бойынша болжам жасап отырады. Орта және қысқа мерзімді болжам деп екі бөлінеді.Орта мерзімді есеп жылына екі рет жасалады.
Осыған дейін ол алматылықтар жер сілкінісіне әрқашан дайын болу керектігін айтқан болатын.
Бұдан бөлек, жер астындағы сейсмикалық датчиктер, жануарлар жер сілкінісін сезетіні туралы жазған болатынбыз.
Еске салайық, Алматыда 1116 ғимарат тектоникалық жарықта орналасқан.