Жер сілкінісіне байланысты жедел желі телефоны іске қосылды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Астана уақытымен 21 сағат 13 минутта жер сілкінісі тіркеген еді.

Жедел желі
Фото: GOV.KZ

Жер дүмпуінің Қазақастанның кейбір өңірлерінде де сезілуіне байланысты Жамбыл облысы ТЖД-де «жедел желі телефонын» іске қосты.

Жер сілкінісінің әсерінен қандай жағдай болса төмендегі нөмірге қоңырау шалуға болады:

 8(7262)513575, 514167

Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам жасалатынын ескертті: 

  • Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
  • Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
  • Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
  • Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
  • Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);
    - көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
  • Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
  • Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
  • Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
  • Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
  • Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.