Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту ережесі өзгертілді

АСТАНА. KAZINFORM – «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметіне өзгертулер енгізілді және азаматтардың құқығы кеңейтілді.

 Атырау облысында 22 мың гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Қостанай облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің мәліметінше, бұрындары ауыл шаруашылығы айналымындағы немесе құрылысқа арналған жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартуға болатын. Енді ғимараттар немесе құрлыстар сынды түрлі нысандарды орналастыру не қызмет көрсету үшін жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартуға мүмкіндік беріліп отыр. Мұндай өзгертулер Қостанай облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің ұсынысын ескере отырып әзірленді және республикалық деңгейде мақұлданды.

- Мұнан бөлек, аталған қызметтерді көрсететін ұйымдар тізімі кеңейтілді. Бұрын мұнымен тек аудандық және қалалық әкімдік айналысатын. Енді өтінімдерді елді мекендер, ауылдар мен ауылдық округтер де қабылдай алады, - деп атап өтеді ведомстводан.

Сонымен қатар өтінімдерді қарау мерзіміндегі түсінбеушілер жойылды. Бұрын Жер кодексінде және ережелерде түрлі мерзімдер – 8 және 13 жұмыс күні деп көрсетілген еді. Енді олар да бір стандартқа келтірілді. Өтінім 8 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қаралуы тиіс.

Айта кетейік, Щучье көлі жағалауындағы 53,4 млн теңгенің жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар