Жерді қашықтықтан зондтайтын тұңғыш қазақстандық спутник Куру ғарыш айлағына жеткізілді - Қазғарыш

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жерді қашықтықтан зондтайтын тұңғыш қазақстандық спутник Куру ғарыш айлағында ұшырылады. Ол Қазғарыштың тапсырысымен Airbus Defence and Space француз компаниясында жасалған.
None
None

Airbus Defence and Space баспасөз баянында хабарланғандай, жерді қашықтықтан зондтау спутнигін Тулуза қаласынан Куру ғарыш айлағындағы Гвиана ғарыш орталығына көшіру басталды.

Қазақстанның жерді қашықтықтан бақылайтын бірінші спутнигі KazEOSat деп аталады. KazEOSat-1 жерді қашықтықтан бақылауда күннің синхронды орбитасының толықтай спектрі қызметіне арналған, оның ішінде, апаттық жағдайлар кезінде құтқару шараларын қолдау үшін табиғи және ауыл шаруашылығы ресурстарын, картографиялық мәліметтерді бақылайды.

Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жерді қашықтықтан бақылау ғарыштық жүйесін жеткізу бойынша келісім-шарт Airbus Defence пен Space - Жерді қашықтықтан бақылау экспорты бойынша әлемдік жетекші мен Қазғарыш ведомствосы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ның арасында 2009 жылы халықаралық тендерлік процес барысында келісілген.

Жерді қашықтықтықтан бақылау қазақстандық ғарыш аппараты Куру ғарыш айлағына жеткізілді, ол орбитаға «Вега» еуропалық зымыран тасығышымен шығарылады, делінген Airbus Defence and Space баспасөз хабарламасында.

Курудағы Гвиан KazEOSat-1 ғарыш орталығынан 25 сәуір күні 22:37-де ұшырылады. Астана уақыты бойынша ол 2014 жылдың 26 ақпан күнгі сағат 7:37 кезі.

Соңғы жаңалықтар