Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жергілікті БАҚ-тар Н. Назарбаевтың Қырғызстанға сапарын жан-жақты хабарлауда

БІШКЕК. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қырғызстан астанасында өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымы мемлекеттері басшыларының Кеңесі отырысын және оған қатысып жатқан ҚР Президенті Н. Назарбаев пен Қырғызстан мемлекеті басшысының екіжақты кездесулерін осы елдің бұқаралық ақпарат құралдары барынша кеңінен жазып жатыр.

Жергілікті БАҚ-тар Н. Назарбаевтың Қырғызстанға сапарын жан-жақты хабарлауда

БАҚ өкілдерінің хабарлағанындай, Қырғызстан Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев жақында Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің отырысында өткен кездесуді еске ала отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл шараға келгеніне өте қуанышты екенін атап өткен. «Біздің жиі кездесіп тұруымыз керек», - деді Қырғызстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев та өз кезегінде бауырлас елге келгеніне қуанышты екендігін жеткізе келе, Қырғызстан тарапының өте жылы қарсы алғанына алғысын білдірді.