Жеті медаль және рекорд: Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында сынға түсті

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жеңіл атлетикадан Гонконгта өткен Азия чемпионатында өнер көрсетуін аяқтады.

в
Фото: ҚР ҰОК

Ұлттық құрама сары құрлық бәсекесінде 1 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.

ҚР ҰОК мәліметінше, Максим Сажнев диск лақтырудан 60,45 метр натижесін тіркеп, алтыннан алқа тақты. Осылайша ол U20 санатында Қазақстан рекордын жаңартты.

Анна Черкашина (сырықпен секіру) және әйелдер құрамасы 4х400 метрлік эстафетада күміс медаль алды.

Ал Мария Щипачева (үш қарғып секіру), Алина Головина (100 м кедергілер арқылы жүгіру), Маргарита Косинова (400 м кедергілер арқылы жүгіру) және Асқар Өмірзақ (онсайыс) қола жүлдеге ие болды.

Қазақстан күрестен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 14 медаль жеңіп алғанын жазған едік.