Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жетекші қазақстандық компаниялар «Өзбекстанның мұнайы мен газы» халықаралық көрмесіне қатысады

ТАШКЕНТ. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - Мамырдың 13-14-і күндеріне жоспарланған «Өзбекстанның мұнайы мен газы – OGU 2009» халықаралық көрмесі ауқымындағы шараларға қазақстандық жетекші компаниялар да қатыспақ,

Жетекші қазақстандық компаниялар «Өзбекстанның мұнайы мен газы» халықаралық көрмесіне қатысады
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «ITE Uzbekistan» көрме компаниясының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, көрме аясындағы «Халықаралық ынтымақтастық - Өзбекстан мұнай-газ секторын серпінді дамытудың кепілі» деген тақырыпта өтетін халықаралық конференцияға әртүрлі елдердің танымал мұнай және газ компанияларының мамандары қатысады, олардың арасында «ҚазТрансГаз» АҚ өкілдері де бар. Басқосуда ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің өкілі баяндама жасайды деп күтілуде.