Жетісайдағы өрттен аман қалған 2 адам аудандық ауруханада емделіп жатыр

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Түркістан облысындағы Алғабас ауылында 13 адамның өмірін қиған өрттен аман қалған ерлі-зайыпты екі адам Шымкент қаласындағы гипербариялық оксигенация орталығынан шығарылып, Жетісайға жеткізілді. 

Алматыдағы теміржол ауруханасын жөндеу жұмыстары неге кешігіп жатыр
Фото: Александр Павский/Kazinform

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қазіргі таңда олар Жетісай аудандық орталық ауруханасында емін жалғастырып жатыр.

— 1 желтоқсан күні түскен екі науқастың жағдайы қазір тұрақты. Екі пациент те күйік жарақатынан кейінгі кезеңде қажетті ем қабылдап жатыр. Аппаратсыз өздері демалып жатыр, өмірлік маңызды көрсеткіштері тұрақты. Емдеу шаралары бекітілген хаттамаға сәйкес жалғасып жатыр. Науқастардың жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында, — делінген ведомство ұсынған ақпаратта.

Жетісайдағы жантүршігерлік өрттен 13 адам мерт болды. Олардың 10-ы бала.

Бұдан бұрын өрттен аман қалған 3 адамның бірі — 7 жасар қыз 30 қараша күні көз жұмғанын жазған едік

Соңғы жаңалықтар