Жетісу облысында құтқарушылар қар құрсауында қалған 17 адамды эвакуациялады

АСТАНА. KAZINFORM — Алакөл ауданы Көктұма станциясынан 35 шақырым қашықтықта үш жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойды. Олардың ішінде 14 адам болған.

Жетісу облысында құтқарушылар қар құрсауында қалған 17 адамды эвакуациялады
Фото: Видеодан скрин

Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері дереу жетті. Құтқарушылар барлық жолаушыларды эвакуациялап, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Сондай-ақ Сарқан ауданы, Лепсі ауылынан 15 шақырым қашықтықта, Балқаш көлінің жағалауында техникалық ақауы бар автокөлік жолда қалған. Құтқарушылар мұнда 3 адамды эвакуациялады. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

— Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге ауа райын ескере отырып, қарлы және шалғай жолдарда қозғалыс кезінде сақтық шараларын сақтауды ескертеді, — делінген ақпаратта.

Бұған дейін Жамбыл облысында құтқарушылар қар құрсауында қалған 15 көлікті шығарғаны туралы жаздық.

Соңғы жаңалықтар
Референдум