Жетісу облысында жыл басталғалы 200-ге жуық сәби дүниеге келді

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Жетісуда 1 апта ішінде 196 нәресте дүниеге келді. Оның ішінде 4 егіз бар.

Жетісу облысында жыл басталғалы 200-ге жуық сәби дүниеге келді
Фото: gov.kz

Жаңа жылдың басталуымен облыс бойынша 1-і мен 7- ші қаңтар аралығында 196 бала өмірге келді. Оның 98- і ұл, 98 — і қыз бала. Ана мен бала денсаулығын жақсарту мақсатында 2025 жылы облыстық перинаталдық орталықта ұрықты қорғау орталығы бөлімшесінде бір күндік клиника ашылып, ұрық хромосомаларына инвазивті пренаталдық диагностика (ӨСИ), генетикалық зерттеу жүргізуді бастау жоспарланып отыр. Ол хромосомалық ауытқуларды және басқа да тұқым қуалайтын бұзылуларды анықтау үшін қолданылады.

— Сарқан қаласында 16- шы қаңтар күні 3 жасқа дейінгі балаларға арналған Қамқорлық оңалту орталығын ашу жоспарлануда, онда Алакөл, Ақсу және Сарқан аудандарының балалары оңалтудан өтеді. Онда дамудың ерте кезеңдерінде 3 айдан 3 жасқа дейінгі балаларды кешенді оңалту жүргізілетін болады, — деді Жетісу облыстық денсаулық басқармасы өкілдері.

Айта кетейік бұл орталықта нейро ортопедиялық аурулары бар, оның ішінде церебральды сал ауруы бар балаларды оңалтудың үздік әлемдік әдістемелері мен заманауи тәсілдері енгізілетін болады. Бөлімшеде механотерапия, мантессори, ЕДШ, тұз, шунгит шахталары, эммерсиялық ванна, корвит, сенсорлық бөлме, иппотерапия, психолог, логопед және массажист кабинеті қызметтері көрсетіледі. Дәл осындай оңалту орталығы Талдықорған қаласында алты жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған облыстық балалар ауруханасының базасында ашылады.

Еске салайық, осыған дейін Талдықорғанда қайтыс болған 2 дәрігердің өліміне метапневмовирустың қатысы жоқ екенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар