Жетісу облысында жол бойында малдың сүйегі үйіліп жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы-Өскемен тас жолының бойында мал өлексесі шашылып жатыр.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбадан жол бойында шашылып жатқан жануарлардың сүйектерін көруге болады.
Автордың айтуынша, бұл жер Жетісу облысына қарасты Балпық би ауылының маңы.
Аталған мәселеге қатысты Көксу ауданы әкімдігі түсінік берді.
Ескі Алматы-Өскемен тас жол бойы көп уақыт бойы қараусыз болғандықтан, мал өлекселерін тасталғаны белгілі болды.
— Алайда мал өлекселерін тастаған азаматтар белгісіз, себебі малдың сырғалары жоқ, тек сүйектері ғана жатыр. Бұл мәселе толық шешімін тапты. Тасталған қалдықтар жиналып, орын толық тазартылды. Қайталанатын құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында аталған учаскеде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды, — деп хабарлады аудандық әкімдіктен.
Осыған дейін Жетісу облысындағы Көксу өзенінде су деңгейі күрт көтерілгені туралы жазғанбыз.