Құрылтай сайлауы: елорда тұрғындары өздерінің сайлау учаскесін онлайн біле алады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы 23 тамыз күні өтеді. Елорда тұрғындары өздерінің сайлау учаскесін онлайн біле алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

референдум
Фото: Александр Павский/Kazinform

Сайлау учаскесі туралы мәліметті нақты уақыт режимінде келесі тәсілдер арқылы білуге болады:

• Ресми веб-сервис арқылы: https://sailau.astana.kz/
• Telegram чат-боты арқылы: https://t.me/sailau_astana_bot
• iKomek бірыңғай байланыс орталығының 109 нөмірі арқылы.

— Азаматты белгілі бір сайлау учаскесі бойынша сайлаушылар тізіміне енгізудің негізі оның сол сайлау учаскесінің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша тіркелуі болып саналады, — делінген хабарламада.

Бұған дейін Құрылтай сайлауы алдында жалған аккаунттар мен фейк ақпарат көбейгені белгілі болды.

Дегенмен, сауалнама нәтижесіне сәйкес азаматтардың 70,3%-ы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті.