Жетісудағы аурухана прокуратураның араласуымен бизнеске 117,6 миллион теңге қайтарды

АСТАНА. KAZINFORM - Жетісу облысы Ақсу ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу және жер заңнамасы салаларында жүргізілген талдаулардың нәтижесінде кәсіпкерлер мен инвестордың құқығы өрескел бұзылғанын анықтады.

деньги, тенге, ақша
Фото: Александр Павский / Kazinform

Ақсу ауданының орталық аудандық ауруханасы тарапынан жеткізушілердің шарттық міндеттемелерді толық орындауына қарамастан, 57 кәсіпкерге шарттарды орындауды қамтамасыз етудің 3% жалпы сомасы 117,6 млн теңге қайтарылмағаны анықталды.

Бұдан бөлек, жер заңнамасының сақталуына қадағалау жүргізу барысында инвестордың құқығы бұзылғаны анықталды. Атап айтқанда, Ақсу ауданында «Екпінді» ЖШС-нің инвестициялық жобасын іске асыру кезінде жалдау шартымен көзделген 100 гектар жайылымдық жер берілмеген.

Анықталған барлық факті бойынша прокурорлық ден қою шаралары қабылданып, кәсіпкерлер мен инвестордың құқықтары қалпына келтірілді, кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Айта кетейік, 1999 жылы сатылып кеткен Ұлттық ұланға тиесілі жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар