Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ЖИ дәуірінде де жоғары білім алу маңызды – Бағдат Мусин

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның спорттық бағдарламалау федерациясының президенті Бағдат Мусин жасанды интеллект дәуірінде жоғары білімнің маңызы сақтала ма деген сауалға жауап берді.

Багдат Мусин оценил шансы участников олимпиад по ИИ стать миллиардерами и технологическими лидерами
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Оның пікірінше, жасанды интеллект пен бағдарламалау саласындағы білім кез келген мамандыққа қосымша қажетті дағдыға айналуы тиіс.

— Жоғары білім міндетті түрде қажет. Бірақ компьютерлік ғылымдар, бағдарламалау және жасанды интеллект саласындағы дағдылар мансап құруды жоспарлаған кез келген адам үшін ауадай қажет екенін түсінуіміз керек. Ал физика, химия, биология сияқты салаларда терең білімнің маңызын ешкім жоққа шығармайды. Мұндай білімді мектеп қабырғасынан бастап тереңдетіп игеруге болады. 

Сондықтан мәселе жоғары білімнің қажет-қажет еместігінде емес, оның қандай мақсат үшін қажет екенінде, – деді Мусин Жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиада (IOAI) кулуарында.

Федерация басшысының айтуынша, болашақтағы ірі ғылыми жаңалықтарды жасанды интеллект құралдарын меңгерген мамандар жасайды.

— Биологияны терең оқып жүрген балаларымның біріне вайб-кодинг пен жасанды интеллектті де меңгеруге кеңес бердім. Бұл оған кейін фармацевтика мен биология ғылымдарында жаңалық ашуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта ең үлкен жетістіктер технологиялар мен ғылымдардың тоғысқан тұсында дүниеге келеді. Екі-үш ғылым саласы өзара ұштасқанда жаңа жаңалықтар мен тың бизнес-идеялар пайда болады, – деді федерация басшысы.

Еске салайық, 2-8 тамыз күндері Астанада Жасанды интеллект бойынша үшінші халықаралық олимпиада (IOAI-2026) өтеді. Оған әлемнің 106 елінен келген мектеп оқушылары қатысады

Бұған дейін Б. Мусин IOAI-2026 олимпиадасы болашақ технологиялық көшбасшылар мен кәсіпкерлерді тәрбиелеуге ықпал ететінін айтқан еді.