Жібек Құламбаева әлемдік рейтингте жоғары көтерілді

Уимблдонды ширек финалда аяқтаған Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бұрынғыша 3-орнын сақтап қалды.
Рейтинг көшін Польша өкілі Ига Швентек бастаса, беларусьтік Арина Соболенко екінші сатыда.
Уимблдон жеңімпазы атанған чехиялық Маркета Вондроушова 42-ден бірден 10-орынға көтерілді.
Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 56-дан 60-қа сырғыса, Жібек Құламбаева 435-тен 422-ге жоғарылады.
Жұптық сында чехиялықтар Катерина Синякова, Барбора Крейчикова, америкалық Джессика Пегула көштің алдын берер емес.
Қазақстандықтардан Анна Данилина 24-тен 25-ке, Е.Рыбакина 97-ден 107-ге төмендеді. Есесіне Жібек Құламбаева 198-ден 186-ға шықты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын чехиялық теннисшінің Уимблдон турнирінің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Андрей Голубев Аустриядағы жарыстың жеңімпазы атанды.
Жібек Құламбаева Рим турнирінің жеңімпазы атанды.
Карлос Алькарас Уимблдонда Новак Джоковичті жеңіп, чемпион атанды.