Карлос Алькарас Уимблдонда Новак Джоковичті жеңіп, чемпион атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Әлемнің 1-ракеткасы, 20 жастағы испаниялық Карлос Алькарас Уимблдон турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Испаниялық теннисші финалда әлемнің 2-ракеткасы, «Үлкен дулыға» жарыстарының 23 дүркін жеңімпазы, 36 жастағы сербиялық Новак Джоковичпен кездесті.

Өте тартысты өткен матч бес сетке созылып, К.Алькарас 1:6, 7:6 (8:6), 6:1, 3:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Бес сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында Карлос 9 эйс жасап, 19 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Н.Джокович 2 эйс, 5 брейкпен (15 брейк-пойнт) көзге түсті.

Бұл – Карлос Алькарастың «Үлкен дулыға» додаларындағы екінші титулы. Ол 2022 жылы АҚШ ашық чемпионатында үздік шыққан еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын чехиялық теннисшінің Уимблдон турнирінің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Андрей Голубев Аустриядағы жарыстың жеңімпазы атанды.

Жібек Құламбаева Рим турнирінің жеңімпазы атанды.

Фото - Чемпионат.ком

Соңғы жаңалықтар