Жібек жолының экономикалық белдеуі аясында ҚХР ШҰАӨ арқылы үш халықаралық автомагистраль өтеді

Шыңжаң арқылы үш халықаралық автодәліз өтетін болады:
1) Солтүстік магистраль Тяньцзинь қаласынан басталады, кейін Бейжің қаласы, ішкі Моңғолия арқылы өтіп, Шыңжаңға кіреді: Иу (Аратюрюк) уезі, Бэйтунь қаласы, Зимунай уезі, ары қарай Қазақстан мен Ресейге барады. 2) Орталық магистраль - Шанхай қаласынан басталып, Шыңжаңдағы Қытайдың орталық және батыс аудандары арқылы өтеді: Хами (Кумул) қ. арқылы, Үрімжі, Цзинхэ уезі, КПП Алашанькоу немесе Қорғас арқылы Орталық Азия елдеріне, ары қарай Еуропаға өтеді. 3) Оңтүстік дәліз - Гуанчжоу қаласынан басталады, Хунань провинциясы арқылы, Чунцин қаласы, Сычуань провинциясы, Цинхай арқылы Синьцзяньға өтеді: Жоцян (Чарклык) уезі, Хотан қаласы мен Қашғар (Каши), Пәкістанға өтіп, ары қарай Гвадар портына дейін жалғасады.
Шыңжаң-ұйғыр автономиялық өлкесінің ресми өкілдері атап өткендей, аталған үш автомагистральдің құрылысының аяқталуы Шыңжаңның Жібек жолының экономикалық белдеуінің торабына айналуына септеседі.