13:57, 30 Желтоқсан 2016 | GMT +5
«Жігіттер» тобы жаңа жылды тойлау үшін бүгін сапарға аттанбақ
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов топ мүшелері жаңа жыл кешін қайда және кіммен қарсы алуға дайындалып жатқанын айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бүгін, 30 желтоқсан кешке пойызбен Бурабайға шығып барамыз. Отбасымызбен бірге, «Жігіттер», барлығымыз жаңа жылда бірге боламыз. Жыл бойы ел араладық, енді отбасымызбен бірге болғанды дұрыс деп шештік. Жаңа жылдан кейін бір ай демаламыз. Мырзахан Тайландқа бармақ. Жаңа жылдан кейінгі басты жоспарымыз - көктемде Астанада аналар күніне арнап концерт беру, соған дайындықты бастаймыз», - деді Бағлан Әбдірайымов.