Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 2300-ден астам қару тәркіленді

АСТАНА. KAZINFORM — Тәркіленген қарудың ішінде 91-і Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 2300-ден астам қару тәркіленді
Фото: Polisia.kz

ҚР ІІМ криминалдық полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары Жандос Батырбеков 59 жасырын қару қоймасы анықталып, жойылғанын айтты.

— Жыл басынан бері заңсыз қару айналымына 2 300 астам қару тәркіленді, оның ішінде 91-і Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған. Биылғы жылдың қазан айындағы тексерулер мен жедел іздестіру іс-шаралары барысында 400-ден астам қару және 3 200-ден астам оқ-дәрі, гранаталар мен тротил шашкалары тәркіленді. 59 жасырын қару қоймасы анықталып, жойылды. Атап айтқанда, 17 криминалдық қару тәркіленді, оның ішінде 8-і — Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған. Ал қалғандары — бұрын айналымнан жоғалған және кейін заңсыз айналымға түскен қарулар, — деді Жандос Батырбеков.

Осыған дейін Түркістан облысында ер адам полицеймен атысып, оққа ұшқанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар