Жыл басынан бері жер үйден шыққан өрттен 200-ден аса адам қаза тапты
Жыл басынан бері тұрғын үй секторында болған өрт 203 адамның өмірін жалмады. Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

«Жыл сайын жылыту кезеңінің басталуымен өрт саны өсе бастайды. Жалпы, тұрғын үй секторында олардың саны жыл басынан бері 4 мыңнан асты. 203 адам қаза тапты, 193 адамның денесін күйік шалды және уланды. Өрт кезінде қаза тапқандар санының артуы Шымкент қаласында, Жамбыл, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында байқалып отыр», - деп баяндады Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов.
Қоса кетсек, елімізде жыл сайын 10 мыңнан астам өрт болады. Салдарынан үш жүзден астам адам мерт көз жұмады.
Өрттің көбі, одан қайтыс болу фактілері де тұрғын үй секторында тіркелген.