Жылыту маусымында мониторинг жүргізетін жүйе іске қосылады – Сәтқалиев
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда жылыту маусымына дайындық мониторингі жүйесі мен білім беру платформасы іске қосылады. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлім етті.

- Былтыр ахуалдық-талдама орталығы іске қосылды, ол нақты уақытта энергетикалық объектілер жұмысының көрсеткішін қадағалауға және салалық тәуекелді талдауға мүмкіндік береді. Биыл жылу маусымының дайындығы мен өтуіне мониторинг жүргізу жүйесі іске қосылады. Сондай-ақ салалық ақпараттық жүйелерге жасанды интеллект элементтерін енгізу және мұнай өнімдері мен сұйытылған мұнай газын бөлу бойынша цифрлық сервисті іске асыру жоспарланып отыр, – деді Алмасадам Сәтқалиев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.
Министрдің айтуынша, аталған жаңашылдықтар саланы басқарудың тиімділігін арттыру мен тұтынушыларды энергия ресурстарымен үздіксіз қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай былтыр еліміз 87,7 млн тонна мұнай өндірді.