ЖИТС эпидемиясына қарсы жоспарлы түрде жүргізіліп жатқан іс-шаралардың нәтижесінде республикада эпидемиологиялық ахуал тұрақтанды

АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін - Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні. Биыл бүкіләлемдік науқан 10 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Мақсаттың бағыты нөл. Жаңа АИТВ-инфекциясы нөл. Кемсіту нөл. ЖИТС салдарынан өлім-жітім нөл» деген ұранымен өткізілуде,
None
None

деп хабарайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Науқанның міндеттері - АИТВ/ЖИТС проблемаларына қоғамның назарын аудару, халықтың ақпараттану деңгейін арттыру, толерантты қоғамдық пікір қалыптастыру, профилактикалық бағдарламаларды қолдау.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасын АИТВ/ЖИТС-ке қарсы тұру бөлігін жүзеге асыру шеңберінде халықты ЖИТС проблемалары туралы ақпараттандыруға бағытталған шаралар өтуде. Іс-шаралардың ауқымды бөлігі жастарға арналған, себебі АИТВ-мен өмір сүруші адамдардың орташа жасы 20-39 жасты құрайды.

3-4 желтоқсанда Алматы қаласында қазақстандық жоғары оқу орындары командаларының қатысуымен «АИТВ-позитивті адамдардың құқығын шектеу және кемсіту проблемалары» тақырыбында халықаралық «Алматы кубогі» пікір талас турнирі өтеді.

Бір мезгілде бірқатар университеттерде It Begins With You ғаламдық акциясы шеңберінде «Құқығын шектеуге қарсы елшілер» акциясы өтеді, онда жастар қоғамда құқығын шектеу және кемсіту проблемаларын талқылайтын болады.

Пікір алмасу турнирі нәтижесі АИТВ-позитивті адамдардың құқығын шектеу және кемсітуге қарсы ұсынылған дүниежүзілік бағдарламалар шеңберінде әзірленген Концепция болып табылады.

1 желтоқсанда Алматы қаласында Студенттер сарайында АИТВ-мен өмір сүруші адамдардың Қазақстандық одағымен ұйымдастырылған Бішкек және Алматы қалаларының жетекші командаларының қатысуымен әзіл-оспақ, сұлулық және дарын Фестивалы: «КВН-2011 финалы» болып өтеді. Команда құрамында «Ару-2011» байқауының жеңімпаздары бар. Жастар үшін сурет көрмесі және қауіпсіздік Бағдар жолы-АИТВ туралы мағлұматқа конкурс өткізілді. Ынта білдіргендердің барлығы АИТВ-ға тесттен өтіп және арнайы жұмыс істейтін мобильді зертханада кеңес алды.

Одан басқа, шаралар кешені шеңберінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдармен тікелей жұмыс істейтін ҮЕҰ арқылы Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресіне сәйкес Алматы, Шымкент, Қарағанды, Теміртау, Қостанай, Талдықорған, Өскемен, Тараз қалаларында құқығын шектеу және кемсітуге зерттеу жүргізіледі.

АИТВ ӨСА кемсітуді нақты оқиғалар арқылы көрсетуді мақсат ететін Әдебиет конкурсы ұйымдастырылады. Алматы қаласында 2011 жылғы 10 желтоқсанда АИТВ және ЖИТС-пен өмір сүретін адамдардың өмірлік оқиғалары кіретін кітаптың тұсаукесері өтеді.

Қазақстан Республикасы 2001 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының АИТВ/ЖИТС бойынша 26-шы Арнайы сессиясына қатысқан 189 елдің бірі болып, АИТВ-мен күрес ісіне бейімділік туралы Декларацияны қабылданған.

ЖИТС эпидемиясына қарсы іс-әрекеттер бойынша індетке қарсы жоспарлы түрде жүргізілетін шаралардың нәтижесінде республикада эпидемиологиялық ахуал тұрақталды.

Соңғы жаңалықтар