ЖИ ұстаздың жүктемесін аптасына 12 сағатқа дейін азайтады — Оқу-ағарту министрі

АСТАНА. KAZINFORM — Jibek Joly телеарнасындағы «Бүгін.LIVE» бағдарламасында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова салаға ЖИ-ді енгізу барысы жөнінде мәлімдеді. 

ЖИ ұстаздың жүктемесін аптасына 12 сағатқа дейін азайтады — Оқу-ағарту министрі
Фото: Kazinform/ЖИ

— Биылдан бастап жасанды интеллект білім саласына енгізіледі. Ең алдымен, ЖИ мұғалімді ауыстырмайды, ол мұғалімге көмекші құрал болады. Біздің есептеуімізше, ЖИ ұстаздың жүктемесін аптасына 12 сағатқа дейін азайтады. Сол үнемделген уақытын қызметкерлеріміз баламен етене жақын жұмыс істеуге, жеке сабақ беруге, шығармашылықпен айналысуға арнайды, — деді ол.

ЖИ ұстаздың жүктемесін аптасына 12 сағатқа дейін азайтады — Оқу-ағарту министрі
Фото: видеодан алынғын скрин

Сол себепті, министрдің сөзінше, 1-сыныптан бастап Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект, ал 5-11 сыныптарда Информатика және жасанды интеллект деген атауы өзгертілген жаңа пәндер оқытылады.

— Сонымен бірге, әр пәнде 43 сағаттан астам ЖИ технологияларын енгізіп, кейбір ескірген тақырыптарды жаңа тақырыптармен ауыстырып жатырмыз. Бұл — заман талабы, — деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін мектептерде «Конституция негіздері» мен «Заң мен тәртіп» курстары оқытылатынын жазғанбыз.