Жоғарғы сот төрағасы М.Әлімбеков Канаданың сенаторы Консилио Ди Ниномен кездесті
АСТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Мұсабек Әлімбеков Канаданың сенаторы Консилио Ди Ниномен кездесті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесу барысында М.Әлімбеков мейманға сот жүйесінде Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бері болған қайта құрулар туралы әңгімеледі. Консилио Ди Нино Канададағы шетелдік судьялармен тәжірибе алмасу бағдарламалары туралы айта келіп, оған қазақстандық судьялардың қатысуына жәрдемдесу ниетін білдірді.«Біздің елдеріміздің арасында соңғы жылдары тұрақты қатынастар орнады. Біз өз тарапымыздан оны дамыта түсуге ниеттіміз», - деп атап көрсетті К. Ди Нино. Ол сондай-ақ Қазақстандағы құқық қолдану практикасы халықаралық төрелік соттарының юрисдикциясын құрметтей отырып, одан әрі жалғастырылатынына сенім білдірді.«Біз Халықаралық соттар қауымдастығына оның толық құқылы мүшесі болуға өтінім бердік», дей келіп, М.Әлімбеков қазақстандық судьялар құқық қолдану практикасын әлемдік стандарттарға сәйкестендіруге ұмтылып отырғанын атап көрсетті.