09:27, 15 Наурыз 2026 | GMT +5
Жоғары сот төрағасы референдумда өз таңдауын жасады
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан Республикасы Жоғары сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев дауыс берді.
Бүгін елімізде өтіп жатқан Жаңа Конституция жобасы бойынша референдумда елордадағы №169 учаскесіне келіп, елорда тұрғындарымен бірге өз таңдауын жасады.

Айта кетейік, 12 ақпанда Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының қорытынды жобасы жарияланған болатын.
Бүгін еліміздің барлық аймақтарында сайлау учаскелері жұмыс істеп тұр.
Комиссия мәліметінше, елімізде 12 461 796 дауыс беруші тіркелген. Заң бойынша, осы саннан 1% артық бюллетень әзірленеді. Демек, 12 586 414 бюллетень болмақ. Алайда жыртып не бүлдіріп алса, азаматтарға жаңа бюллетень берілмейді.
Қазіргі таңда шетелде жүрген 200-ге жуық отандасымыз дауыс беріп үлгерген.