Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жол-көлік инфрақұрылымын күтіп ұстау және дамыту жөніндегі бірыңғай ұлттық оператор құрылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жол-көлік инфрақұрылымын күтіп ұстау және дамыту жөніндегі бірыңғай ұлттық оператор құрылады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы Замир Сағынов мәлім етті.

Жол-көлік инфрақұрылымын күтіп ұстау және дамыту жөніндегі бірыңғай ұлттық оператор құрылады

«ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне жол, көлік инфрақұрылым, көліктік логистика және авиациялық тасымалдауларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 институттық реформасын іске асыру бойынша «100 нақты қадам» ұлт жоспарының 5 қадамын іске асыру мақсатында әзірленді. 58-ші қадам бойынша жол-көлік инфрақұрылымын күтіп ұстау және дамыту жөніндегі бірыңғай ұлттық оператор құру үшін стратегиялық инвесторларды тарту», - деді жауапты хатшы.

Оның атап өтуінше, бұл Заң бойынша Бюджет кодексіне және «Автомобиль жолдары туралы» Заңға түзетулер енгізу ұсынылады.

Бюджет кодексіне түзетулер мемлекеттік емес займдарды тарту үшін ұлттық операторға мемлекеттік кепілдік алып, нәтижесінде инвесторлардың қаражаттары есебінен жолдарды салу және ақылы жүйені енгізу мүмкіндігін ұсынады. «Автомобиль жолдары туралы» Заңға түзету енгізу ұлттық опеаторға автожолдарды күтіп ұстау мен жол бойындағы сервистерді дамыту бойынша қызметтерді береді. Мемлекеттің материалдық ресустарын оңтайландырады. Жолдарды дамытып, олардың жай-күйі мен қауіпсіздігіне жауапты бірыңғай тұлғаны анықтайды.

«Одан басқа салынған инвестицияларды ақылы жолдар алымдары есебінен өтеу мүмкіндігі қарастырылған. Аталған шара жолдарды тиісті деңгейде күтіп ұстауға, бюджет қаражатын үнемдеуді пайдалануға әкеледі», - деді З.Сағынов.