Жол қозғалысы ережелері бойынша Алматының ең үздік мектебі анықталды

АЛМАТЫ. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Алматыда үздік оқушылардың  жыл сайынғы жол қозғалысы жас инспекторларының 39-ыншы слеті өтті.
None
None

Оған аудандық жарыста жеңімпаз атанған 7 ауданның ең үздік мектептері қатысты. Олар «Жас реттеуші», «Үздік медбике», «Саптық дайындық», «Үздік үгіт бригада» аталымдары бойынша өзара сайысқа түсті. Тартысты өткен бұл додада  № 159 мектеп-гимназиясы командасы бірінші, ал 2-3 орынды  № 1 және   № 129 мектеп-гимназиясының командалары иеленді.  Енді №159 мектептің Қозғалыстың жас испекторлары  28 мамыр мен 11 маусым аралығында Ақмола облысының  Щучинск қаласында өткізілетін республикалық 12-слетке қатысады.

 «Жол қозғалысы ережелері жол қозғалысы аясындағы маңызды реттеуші құрал әрі оның қатысушыларын тәртіпке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке итермелейтін бірден-бір қозғаушы күш. Барлық ережелерді орындау қала жолдарында жаяу жүргіншілер мен авто жүргізушілердің қауіпсіз қозғалуына кепіл бола алады», - дейді Жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары Әбдірахман Молдабаев.       Оның айтуынша, жол қауіпсіздігін және тәртіптілікті қамтамасыз етуде оқытушылар  аса маңызды рөл атқарады. Олар  өз құзырына сай тиісті тәрбие беру жұмыстарын жүргізу арқылы жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтауға үлкен үлес қосады. Сайыс  бойынша мектеп медицина қызметкерлері, басқа да мектептердің өкілдері, тіпті, оқушылардың өздері де әділ қазылық жасады. Бұл жаңашылдық қазылар алқасының объективтілігінде ешбір күмән туғызылмауына жасалды.   

Соңғы жаңалықтар