11:24, 15 Шілде 2010 | GMT +5
Жол полициясының қызметкерлері жыл басынан бері 18 455 шақырым жолдың бойын тексерді - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті жол полициясы басқармасының қызметкерлері жыл басынан бері жол жағдайларын анықтау мақсатында 18 мың 455 шақырым жолдарға 386 тексеру жүргізді.

Осы тексерулер нәтижесінде табылған кемшіліктерге 465 нұсқау қағаздар беріліп, 50 жеке тұлғаға айыппұл салынды. Сондай-ақ теміржол өткелдеріндегі кемшіліктер үшін 33 лауазым иесі әкімшілік жауапқа тартылды.
Бұдан басқа облыс көлеміндегі көлік мекемелеріне алдын алу шаралары жүргізілді. 48 мекеменің 757 көлік құралдарының техникалық жағдайы тексеріліп, 64 лауазымды қызметкерге әкімшілік шаралар қабылданды.