Жол жауапсыздықты кешірмейді - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Кеше Қызылордада облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалық етуімен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы болды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Қазіргі таңда жол-көлік оқиғалары облыстағы адам денсаулығына кері әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып отыр. Жыл сайын жер бетінде жол-көлік оқиғаларынан 1,2 млн. адам өмірмен қоштасып жатса, тағы 50 млн. адам әр түрлі дене жарақатына ұшырап, мүгедек болып қалуда. Бүгінде жол оқиғалары жастары 29-ға дейінгі жастар мен балалар өлімінің басты көзіне айналды.

Осыларды айта келіп, Қ. Көшербаев қауіптің алдын алу шараларын жасамаушылық жағдайды қиындата түскенін тілге тиек етті. Мамандар 2020 жылға қарай адам өлімінің ең басты көзі осы жол-көлік оқиғалары болады деген болжам айтуда. Ресми мәліметтерге сай, соңғы он жылда Қазақстанда 127 мың жол-көлік оқиғасы тіркелсе, оларда 32 мың адам қаза тауып, 166 мың адам әр түрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алған. Ал үстіміздегі жылғы 8 айдың ішінде еліміздің жолдарында 13 108 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, олар 1 823 адамның өліміне себеп болған. Бұдан бөлек, 17 мыңнан астам адам жарақат алған. Соның ішінде Қызылорда облысының мысалында 265 авария тіркеліп, ол 69 адамның жантәсілім етуіне, 399 адамның әр түрлі жарақат алуларына апарып соқтырған.

Жол апаттарының басым бөлігі жолда жүру ережесін сақтамаудан туындайды. Бұлардың арасында жылдамдықты шамадан тыс арттырып жіберудің, қарсы жолға шығып кетудің, рульге спиртті ішімдік ішіп алып отырудың алатын үлес-салмағы зор. Осылар жайында баяндаған облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев көлік апатының болуында жолдың бетінің техникалық параметрлері де аз роль ойнамайтынын айтты.

Соңғы жаңалықтар