Жолдау көкейде жүрген ойды дөп басқандығымен ұнады - К.Сүлейменов

ҚЫЗЫЛОРДА. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының хатшысы Кенжеғара Сүлейменов Елбасы Жолдауы көп көкейінде жүрген мәселерерді дөп басқандығымен өзін баурап алғанын тілге тиек етті.

Жолдау көкейде жүрген ойды дөп басқандығымен ұнады - К.Сүлейменов

Бұған дәлел ретінде ол Жолдауда жергілікті өнім өндіруді молайту, ауыл шаруашылығын өркен жайдыру, кәсіпкерлікті қолдау, білім беру, денсаулық салаларын дамыту, мемлекеттік тілдің мәртебесін өсіру, қала, ауыл тұрғындарын сапалы ауызсумен толықтай қамтамасыз ету, жұмыссыздықты жою, тұрғын үймен қамтамасыз ету тәрізді игілікті істердің бар екендігін алға тартты. Ең бастысы, Президент бұл мәселелер жайында айтып қана қоя салған жоқ, оларды жедел қолға алуды Үкімет пен жергілікті билік басшыларына тапсырды.

«Егер саралап айтар болсам, білім саласында кәсіптік-техникалық білім беруді жетілдіру, денсаулық саласында бала тууды көбейтіп, адам өлімін азайту, тіл саласында 2020 жылы барлық қазақстандықтардың 95 пайызына мемлекеттік тілді меңгерту мәселелері көпшілік көкейлерінен шықты деп айтуға әбден болады. Сондай-ақ халықты әлеуметтік қолдауға үстіміздегі жылы басым бағыт берілмек. Яғни, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету, жұмыссыздықты азайту, айлық жалақыларын өсіру күн тәртібіне қойылып отыр. Елбасымыз өз Жолдауында биылғы жылғы тәуелсіздіктің 20 жылдығына орасан зор тартумен келгенімізді тілге тиек етіп, барша қазақстандықтарды табысқа тоқмейілсімей, қайта бірлесе іс-қимыл жасауға шақырды. «Дамудың даңғыл жолына түстік», деген Елбасы отандастарын болашақтың іргесін бірлесе қалауға шақырды», - деді ол.