Жолдауда айқындалған 10 бағыттың үлкен бөлігі азаматтардың қоғамдық игілігін қамтамасыз етуге арналғандығы аса маңызды - И. Клещук

МИНСК. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Айтуар Мәмлин/ - «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауы Елбасының елді жаңа белеске көтеруге, өмірдің барлық саласындағы дамуға жаңа сапалы серпін беруге ұмтылысын аңғартады.

Жолдауда айқындалған 10 бағыттың үлкен бөлігі азаматтардың қоғамдық игілігін қамтамасыз етуге арналғандығы аса маңызды - И. Клещук

Мұндай пікірді Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысы Өкілдер палатасының депутаты, Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысының Қазақстан Республикасы Парламентімен ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Инессе Клещук білдірді, дер хабарлады БР-дағы ҚР Елшілігінің баспасөз қызметінен.

«Қазақстанның Тәуелсіздіктің өткен 20 жылында құрған экономикалық іргетасы алдағы жаңғыруларға, қолда бар ресурстарды тиімді пайдалануға, ғылымды дамытуға және инновацияларды енгізуге септігін тигізетініне сінімдімін», - деп атап өтті ол.

Оның пікірінше, Жолдауда айқындалған 10 бағыттың үлкен бөлігі азаматтардың қоғамдық игілігін қамтамасыз етуге арналғандығы аса маңызды.

«Нұрсұлтан Назарбаев дана саясаткер ретінде міндеттердің бірі етіп - Қазақстанның табыстарын одан әрі жалғастыруы тиіс жаңа білікті басқарушылық элитаны құруды қойып отыр. Біз қазақстандықтардың әлеуетіне шынайы сенеміз және алдыға қойып отырған мақсаттарға қол жеткізуде сәттілік тілейміз», - деді И. Клещук.